Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал

Патрик Ленсиони
Жақында ғана Кремний алқабындағы табысты технологиялық компания нарықтағы орнын тез жоғалта бастады. Директорлар ке-ңесінің төрағасы даулы және парадоксалды шешімге келеді: ол жаңа басқарма төрағасы ретінде қарапайым ғана іскерлік білімі бар, АҚШ армиясының бұрынғы қызметшісі, 57 жастағы зейнеткер әйелді жұ-мысқа алады. Компания жұмысын ретке келтіріп, оған бұрынғы абы-ройын қайтару Кэтриннің қолынан келе ме?Бұл – бұдан басқа бірнеше танымал бизнес-романдардың авторы, коуч және тиімді корпоративтік ортаны құруға маманданған консал-тингтік компания президенті Патрик Ленсионидің бизнес-романының түйіні. Романды бизнес-триллер деп атауға болады, өйткені ол – кор-поративтік ортамен айналысқан кез келген адам үшін соншалықты қызықты болмақ.Ленсиони – күрделі басқарушылық мәселелерді ең қарапайым және ең қызықты тілде баяндау шебері. «Топтың бес ақаулығын» бір түнде оқып шығу қиын емес. Алайда кітаптан алынған сабақтар оқыр-ман үшін өмір бойы пайдалы болары сөзсіз.

Скачать книгу "Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал" - Патрик Ленсиони бесплатно

Опишите проблему X